Қызылорда қаласының жаңа әкімі тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Президенті Әкімшілігі мен Қызылорда қалалық мәслихатының келісімдері бойынша облыс әкімінің 2021 жылдың 8 сәуірдегі өкімімен Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы тағайындалды.
Ғ. Қазантаев 1960 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «мұнай және газ кеніштерін игеру» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы Жалағаш аудандық 9-шы жылжымалы механизацияланған колоннаның мастері ретінде бастаған.
1983-1992 жылдары Қызылорда облысындағы құрылыс ұйымдарында мастер, аға жұмыс өндіруші, өндіріс-техникалық бөлімінің бастығы, 3-ші ауданаралық мамандандырылған жылжымалы механизацияланған колоннаның бас инженері.
1992-2013 жылдары «Нефтегазстрой Кызылорда» корпорациясының президенті, «Ай-Дан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары, «ССК «Ақмешіт» акционерлік қоғамының президенті, «Ай-Дан Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры, «Сырдариямұнай» акционерлік қоғамының бас директоры, «Транснефтьсервис» БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Kazpetrol Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры.
2013-2019 жылдары Сырдария ауданының әкімі қызметін атқарған.
2019 жылғы қыркүйек айынан бастап ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
Бұдан бұрын Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалғанын хабарлаған едік.
- Қызылордада пышақ жарақатымен ауруханаға 16 жастағы жасөспірім түсті
- «Орталық мемлекеттік архив» РМК директоры тағайындалды
- Қызылордада екі күннен бері хабарсыз кеткен қызға іздеу жарияланды
- Қызылорда тұрғыны құдыққа құлап кетіп, мерт болды
-
Қызылордада коронавирус инфекциясына қарсы дәрілік заттар жеткілікті
-
«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ жаңа басшысы тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам