Қызылорда қаласында жылу желілерінің 60 пайызы жаңартылған

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында жылу желілерінің 60 пайызы толығымен жаңартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Қызылорда қаласында 12 шақырым жылу жүйесі күрделі жөндеуден өтуде. Күрделі жөндеу жасалып жатқан жылу құбырларының 5 шақырымы «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесінің өз қаржысы есебінен ауыстырылса, қалғанына «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында ақша қаралған. Бұл жұмыстарға бағдарлама талаптарына сай 200 адам еңбекке тартылған.

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аталған жұмысты жүзеге асырып жатқан мамандармен жүздесу барысында оларға алғашқы кезекте сапаға мән беру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, жұмыстың уақытылы аяқталуы маңызды. Барлық тапсырма күнделікті бақылауда болады.


Жалпы Қызылорда қаласы бойынша жылу желілерінің ұзындығы 186 шақырымды құрайды. Оның 60 пайызы толығымен жаңартылған.

Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша қалалық білім бөліміне қарасты 4 мектепте күрделі жөндеу жасалуда. Солардың бірі - Ж.Махамбетов атындағы №43 мектептің іргетасы 1987 жылы қаланған. Онда 1505 оқушы білім алады. Мұнда күрделі жөндеуді «ДаренСтройСервис» ЖШС қолға алған. Қазір білім ордасының есік, терезе, еденін ауыстыру және сыртқы фасадын әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны жүзеге асырушы 25 адамды жұмыспен қамтыған.

Сондай-ақ, Қызылордада азық-түлік бағасы бақылауда.


Соңғы жаңалықтар