Қызылорда қаласында желдің күштілігінен 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыздығына және желдің күштілігіне байланысты 29 қарашада 0-4 сыныптар аралығындағы оқушылар қашықтықтан оқытылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қызылорда қаласының білім бөлімі мәлім етті.

«Қызылорда қаласы бойынша ауа-райының қолайсыздығы, желдің күштілігі көрініс беріп отыр. Осыған байланысты 29 қарашада 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқытылатынын хабарлаймыз», - деп жазылған хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын 27 қарашада Қызылорда облысы Жалағаш кентінде қатты желдің әсерінен №201 мектеп-лицейдің шатыры ұшып кетті.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, 28-30 қараша аралығында мектептегі сабақ тоқтатылған.


Соңғы жаңалықтар