Қызылорда қаласында жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды

None
Видеодан алынған кадр
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда қаласында жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасына тұрғындардан жас жігіттердің арасындағы төбелес жөнінде хабарлама түскен.

«Екіге бөлінген жастар бір-бірімен ерегісіп, соңы төбелеске ұласқаны белгілі болды. Оған қатысқан 12 адамның барлығы анықталды. Олар – облыс орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары. Барлығы міндетті медициналық сараптамадан өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі бойынша тергеп-тексеру əрекеттері басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.


Соңғы жаңалықтар