Қызылорда қаласында заңсыз ойын бизнесін жүргізген азамат айыппұл төлейді

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында заңсыз ойын бизнесін жүргізген 39 жастағы азамат жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласында тұратын 1984 жылы туған азамат өткен жылдың қаңтар айында Панфилов көшесінде көп қабатты үйдің бірінші қабатынан келісім-шарт негізінде ғимаратты жалға алып, заңсыз ойын бизнесін бастаған.

«Онда қойылған компьютерлік құрылғыларда бәс тігу мөлшерлемесін қабылдауға (есепке алуға) және бәс тігу бойынша ұтыс төлеуге қажетті бағдарламаны орнатып, букмекерлік кеңсенің кассасын ашқан. Екі күзетші және кассир-операторды жалақыға жұмысқа алған. Осылайша қаңтар-қазан айлары аралығында қолма-қол ақшаға бәс тігу мөлшерлемесін қабылдау арқылы ұтыс төлеу жолымен әрекет еткен. Заңсыз әрекет қазан айында әшкереленді», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша тергеп-тексеру департаментінен.

Ведомство мәліметінше, Қызылорда қалалық №2 сотының шешімімен заңсыз ойын бизнесін жүргізген азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Ол 200 айлық есептік көрсеткіш (612 600) мөлшерінде айыппұлға тартылды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жалған несие құжатымен елді алдаған әйел сотталды.


Соңғы жаңалықтар