Қызылорда қаласында шығыс үлгісіндегі жабық базар салынады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында дарияның сол жағалауынан шығыс үлгісіндегі жабық базар салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір Сырдария өзенінің сол жағалауын дамыту жобасы қолға алынып келеді. Алғаш бұл аумақта 2017 жылы жаңа ғимараттар бой көтерді. Құрылыс қарқын алған сол жағалауда бүгінде көпқабатты 50 тұрғын үй пайдалануға беріліп, онда 10 мыңнан аса тұрғын қоныстанды. Жаңа қалада мұражай, мектеп, балабақша, университет, жастар орталығы сынды әлеуметтік нысандар да өз жұмысын бастады. Жыл соңына дейін тағы 14 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, кезекте тұрған азаматтар баспаналы болады деп жоспарлануда. Сонымен қатар сол жағалаудан 900 орындық мектеп, 140 орындық балабақша, театр, салтанат сарайын салуда бас жоспарға енгізілген.

Бас жоспарға сай сол жағалаудан шығыс үлгісіндегі жабық базар ел игілігіне айналады. Сауда орны 3 мың шаршы метр аумаққа орналасады. Оның құрылысы 2020-2023 жылдар аралығына жоспарланған. Қазір құрылыс жұмыстары басталып, алдағы жылы бірінші бөлігін пайдалануға беру межеленуде. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаладағы базарлардан орын болмай сыртында тұрған кәсіпкерлер кезең-кезеңімен осы аумаққа көшірелетінін айтты.

Сондай-ақ, сол жағалаудағы «Шіркейлі» каналының үстінен көпір салынады. Көпір 4 жолақты болады. Ұзындығы - 102,8, ені - 21 метр. Көпір салу қазір 90 пайызға орындалған. Құрылыс қыркүйек айының соңына дейін тел игілігіне айналатын болады. Бұл көпір сол жағалауды «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолымен байланыстырады. Қазір оны күре жолға қосу үшін айналмалы көпір құрылысын жүргізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласының диқандары бау-бақша өнімдерін экспортқа шығармақ.


Соңғы жаңалықтар