Қызылорда қаласында мобильді топ 10 мыңға жуық нысанды аралаған

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ мүшелері санитарлық талаптарды сақталуын ұдайы назарда ұстап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы мақсатта топ мүшелері облыс орталығындағы бірқатар нысанды аралады. Топ өкілдері Ахмет Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Kino time» орталығында карантин талаптарын сақтамау жағдайына назар аударды. Кәсіп иесіне анықтама толтырылып, ол құзырлы органдарға жолданды. Қазірге дейін топ мүшелері тарапынан рейд жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде олар 10 мыңға жуық нысанды аралады.

Санитарлық талаптарды сақтамаған жалпы 244 нысан бойынша анықтама қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Құзырлы орган тарапынан осындай кемшіліктерге жол берген 130 адамға әкімшілік хаттама толтырылған. Оның ішінде ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 462-бабы, 3 тармағы бойынша 3, осы кодекстің 425-бабы, 1 тармағымен 127 адамға тиісті шара көрілді.


Соңғы жаңалықтар