Қызылорда қаласында мекеме ауласында шиналар жанып жатыр

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында мекеме қоймасында шиналар жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, 25 мамырда 1.46-да 101 қызметіне Қызылорда қаласында орналасқан «Қыран» мерекемінің ішінде баллондар жанып жатқаны жөнінде хабарлама түсті.

«Қазір өрт сөндіру қызметінің бөлімдері оқиға орнында қызметін атқарып жатыр. Өрт сөндіру бөлімінің барлау жұмысының нәтижесінде мекеме ауласында шиналар жанып жатқаны анықталды. Қосымша күш құралдар жұмылдырылған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жүк пойызынан өрт шықты.


Соңғы жаңалықтар