Қызылорда қаласында карантин талаптарын сақтамаған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында карантин талаптарын сақтамаған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігі, эпидемиолог мамандар және полиция қызметкерлерінен құралған арнайы мониторингт тобы карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында төрт бағытта жұмыс жүргізді. Рейд кезінде тиісті талаптарды сақтамаған бірқатар кәсіпкерлік нысаны анықталды. Бұл орындарда маска тағу және қорғаныш қолғабын кию тәртібі сақталмаған.

«Нәтижесінде Қызылорда қаласында карантин талаптарды сақтамаған 13 кәсіпкерлік нысан анықталып, кәсіп иелеріне хаттама толтырылды. Рейд барысында дүкен мен қоғамдық тамақтану орындарының шекті уақыттан тыс жұмыс жасап тұрғандығы белгілі болды. Мәселен, Қорқыт ата көшесінде орналасқан «Саламат» дүкенінің иесі жұмысын 22:30-ға дейін жүргізген. Ал А.Байтұрсынов көшесінің бойындағы «Коммуналка бар» дәмханасына келуші қатары 23:00-ге дейін тоқтаған жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов бастаған мобильді топ карантин шектеуін сақтаман кәсіп иелеріне заңға талаптарына түсіндірді. Оларға қатысты хаттама толтырылды. Құжат тиісті Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі басқармасына жолданды.

Қала әкімдігінң хабарлауынша, бұған дейін де арнайы мониторинг тобы қала аумағындағы кәсіпкерлік нысандарды аралады. Олар түсіндіру жұмысы жүргізді. Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 116 хаттама толтырылып, сотқа жолданып, 8 кәсіп иесіне шара қолданылды. Бұл жұмыс карантин мерзімі аяқталғанша жалғасады.

Соңғы жаңалықтар