Қызылорда қаласында 4 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 4 мыңға жуық жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасына орай Қызылорда қаласына 98 жобаға қаржы қаралған. Оның ішінде негізгі басымдық жол жөндеу және әлеуметтік нысандарды жаңғыртуға бөлінген. Сол бойынша қала тұрғындары үшін қосымша 4523 жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінгі таңда еңбекпен қамтылғандар 80 пайызға жетті.
Аталған бағдарлама аясында «Локомотив» стадионы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бүгінде тозығы жетіп, қайта жаңғыртуды қажет еткен стадион ғимаратын жөндеуге тараздық «АгроспецСтрой» мекемесі жауапты. Мердігер 33 адамды еңбекпен қамтыған. Бүгінде стадионда дренажды суару жүйесі салынуда. Спорттық орын қыркүйек айында ел игілігіне айналатын болады.
Сондай-ақ, биыл И.Әбдікәрімов атындағы аграрлы-техникалық жоғарғы колледжінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 112 адам кәсіп көзін тапқан. Жоба негізінде оқу орнының шатыры, терезесі ауыстырылып, хас беті әрленіп, жылу құбырлары жаңаланады. Сонымен бірге 5200 шаршы метрді құрайтын ғимарат ауласына жаңадан брусчатка төселеді.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласында жылу желілерінің 60 пайызы жаңартылған.
- Биыл бюджет саласындағы 1 млн-нан астам жұмыскердің жалақысы өседі
- Ақпан айында Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакцина егу басталады
- Қызылорда облысында тұрғын үй өртеніп кетті
- Қызылорда облысында 4-сынып оқушысы көз жұмды
-
Қостанай облысында 9700 тұрақты жұмыс орны ашылады
-
Жұмыспен қамтудың жол картасы: 240 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам