+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қызылорда қаласына кіреберіс жолдарға 4 тосқауыл бекеті қойылды

2020 жылғы 2 сәуір 10:43
Бөлісіңіз:
Қызылорда қаласына кіреберіс жолдарға 4 тосқауыл бекеті қойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус індетіне байланысты карантинге жабылған Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданында блокбекеттер қойылды.

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, Қызылорда қаласына кіреберіс жолдарға 4 тосқауыл бекеті қойылған.

«Бірінші бағыт - «Шиелі-Қызылорда» автожолы, екінші бағыт – «Қызылорда-Жезқазған» автожолы, Абай елдімекені тұсында, үшінші бағыт – «Қызылорда-Жалағаш» автожолы, Қараөзек елдімекені тұсында, ал төртінші бағыт – Тұңғыш Президент атындағы саябақ маңында. Әр бекетте 14 әскери қызметкер кезекшілікпен жұмыс істейді. Арнайы техника және адам тасуға арналған автокөліктермен қамтылған. Облыстық полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының мамандары да тәулік бойы карантин ережелерінің сақталуын қадағалайды», - деді Г. Әбдіқалықова «Хабар 24» телеарнасындағы мәлімдемесінде.

Қауіпті кесел жұқтыру дерегі күрт өскендіктен, әкім Жаңақорғанды да карантинге жауып, аудан орталығының кіріп-шығу жолдарына 4 блокбекет қойылғанын хабарлады.

Сонымен бірге, облыс шекарасында 2 бағыт бойынша 3 бақылау-өткізу бекеті жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта облыс бойынша инфекция жұқтырғандар саны 26-ға жетті. Оның ішінде Қызылорда қаласында - 6, Жаңақорған ауданында - 16, Қармақшы ауданында - 2, Шиелі ауданында - 2 оқиға тіркелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT