+7 (701) 759 90 19
USD 414.94 EUR 504.03
RUB 5.59 CNY 64.22
Jańalyqtar

Қызылорда емдеу орындарында коронавируспен күресте нәтижелі жұмыстар атқарылды

2021 жылғы 24 қаңтар 03:55
Бөлісіңіз:
Қызылорда емдеу орындарында коронавируспен күресте нәтижелі жұмыстар атқарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавируспен күрес бағытында облыстық аурухана мен психикалық денсаулық орталығының мамандары қажырлы еңбек етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңа қаулы: 27-ші ақпаннан бастап Ақмола облысында қандай шектеулер алынады Коронавируспен күрес: Вакцинаның екінші партиясын жеткізу басталды COVID-19: Ақмола облысында 34 мектеп қашықтан оқытуға көшті

Пандемиямен күресте көпбейінді облыстық аурухананың фильтр бөлімінде 180 төсек орын дайындалған. Оның ішінде жаңсақтау палатасында 20 төсек орын және ота залы жабдықталды. Сондай-ақ, фильтр және қабылдау бөлімдерінде 150 медицина қызметкері жұмыс істеді.

«Ауруханада 15373 науқас емделді. Оған қоса пандемия кезінде 30 орынға арналған инфекциялық бөлім ашылып, 87 науқас ем алды. Қабылдау және фильтр бөлімдеріне 144 дана орталықтандырылған оттегі жүйесі орнатылды. Мұнан өзге, облыстық аурухананың материалдық-техникалық базасы жаңа заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылды. Яғни, 326 оттегі розеткасы, цифрлық жылжымалы рентген, «С-дуга» рентген-аппараттары, 3 наркоз және жансақтау төсек орыны, 9 ИВЛ аппараты алынды», - деді көпбейінді облыстық аурухананың бас дәрігері Нұридин Амитов.

Мұндай жұмыстар облыстық психикалық денсаулық орталығында да жүзеге асты.

«Індет өршіген уақытта облыстық психикалық денсаулық орталығына қарасты «Сейхун» провизорлық стационары ашылып, 1 ай жұмыс істеді. 1000-ға жуық науқасты қабылдап, медициналық көмек көрсеттік»,-деді облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Гүлайым Сейілханова.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада жыл басынан бері 114 адам коронавирус жұқтырған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT