Қызылорда аялдамасындағы жол апаты: Төртінші адам көз жұмды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қаладағы аялдамалардың бірінде болған жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.

«Ауыр халде түскен зардап шегушіге дәрігерлер шұғыл түрде ота жасады. Өкінішке орай, қажетті ем-домның барлығы тиісті деңгейде жасалуына қарамастан баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», - деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Зоя Көшенова.

Естеріңізге сала кетелік, жол апаты кеше сағат 09.15 шамасында Назарбаев даңғылы бойында болған. «Тойота Камри» маркалы автокөлігі «Mercedes-Benz» көлігін сол қапталынан келіп соққан. Салдарынан «Тойота Камри» жүргізушісі көлікті басқара алмай, автобус аялдамасында тұрған адамдарды басып кеткен.

Оқиғадан зардап шеккен 10 жасар бала мен 31 жастағы әйел балалар және қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Айбек Мырзағұлов екеуінің де жағдайы өте ауыр екенін айтқан болатын болатын.

Көз жұмған үш оқушы да Қызылорда қаласындағы №12 орта мектепте білім алған. Нұрислам Заурбек пен Нұрдәулет Кенжебай аталған мектептің бесінші сыныбында оқыса, Кәусар Заурбек үшінші сыныпта оқыған.

Соңғы жаңалықтар