Қызылорда әуежайының құрылысы биыл басталады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының кұрылысы биыл басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Кызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов облыстық қоғамдык кеңес алдындағы есебінде мәлім етті.

Әуежайды жаңарту, кайта салу мәселесі қызылордалық тұрғындардың көкейінде көптен бері жүрген болатын. Алдағы уақытта жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта былтыр жекеше әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізілді. Конкурстың бірінші кезеңі бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы «BI Civil Construction» ЖШС біліктілік іріктеуден өтті. 2019 жылдың 22 қарашасында серіктестік өз қаржысы есебінен жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі. Нәтижесінде мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жасалуда. Биылғы жылдың мамыр айында терминал құрылысы басталады деп күтілуде.

«Қазіргі таңда «Қорқыт Ата» әуежайы» акционерлік қоғамы мен «FlyArystan» әуе компаниясының арасында келісім-шарт жасалған. Нәтижесінде наурыз айының ортасынан бірнеше бағытта жолаушыларды арзан бағамен тасымалдау ұйымдастырылады. Сондай-ақ, биыл 29 наурыздан бастап Ресейдің «Аэрофлот» компаниясы халықаралық «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» бағыты бойынша аптасына 4 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі күндері екі арада әуе қатынасын атқарады»,- деді облыс әкімі.


Соңғы жаңалықтар