«Қызылорда-Атырау» қосымша пойызына билет сатыла бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР Тәуелсіздік күні» мен «Жаңа жыл» мейрам күндерінде «Қызылорда-Атырау» бағытындағы №241/242 қосымша жүрдек пойызына билет сатыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, пойыз Қызылорда қаласынан 2018 жылдың 14, 16, 26, 28 желтоқсан күндері сағат 11-44-те жөнеледі. Ал Атырауға 2018 жылдың 15, 17, 27, 29 желтоқсан күндері сағат 15-58-де келіп жетеді. Жолға кететін уақыт 28 сағат 14 минутты құрайды.

Кері бағытта Атыраудан пойыз 2018 жылдың 15, 17, 27, 29 күндері сағат 18-00-де шығып, Қызылордаға 16, 18,28,30 желтоқсан күндері сағат 22-03-те жетеді. Жолға кететін уақыт - 28 сағат 03 минут.

Пойыз вагондарында 212 орын бар.

Соңғы жаңалықтар