Қызылағаш су қоймасын кеңейтуге жергілікті билік үкіметтен 8,9 млрд теңге сұрап отыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қызылағаш су қоймасын кеңейтуге үкіметтен жергілікті билік 8,9 млрд теңге сұрап отыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нысанды қайта жаңғырту үшін 5 жыл уақыт және 5,6 млрд теңге қаражат жұмсалды. Бөгет барлық талаптарға сай, қауіпсіздігі қамтасыз етіліп салынды.

Автоматтандырылған жүйе су көлемін қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда су қоймасында 20 млн текше метр су жиналған. Ал жалпы сыйымдылығы 42 млн текше метр.

Мұндай су көлемімен 5 мың гектардан астам алқапты суаруға болады. Бірақ ол үшін егістіктер ылғал үнемдеу технологиясына көшу керек. Ал қазір небәрі 1,4 мың гектар ғана суарылуда. Суару жүйесін жаңартып, ұзартуға жергілікті билік 8,9 млрд теңге қаражат қажет деп үкіметке сұрау салмақ.

«Қазір әкімдік те ұсыным жасады. Жобалау-сметалық құжаттарын жасады. Ары қарай бізге министрлікке құжаттарды өткізеді. Біз қаржы министрлігінен қаражат сұраймыз. Ары қарай қажеттілік бар. Бұл жалпы халыққа, облыстың экономикасына қажет. Біз оны қолдауға дайынбыз. Ары қарай қаржының шамасына қарай жұмыс істейміз»,- деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов.




Соңғы жаңалықтар