Қызылағаш су қоймасы қайта қалпына келтірілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қызылағаш су қоймасын қайта жаңарту және қалпына келтіру жұмысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылдың наурыз айында көктемгі су тасқыны салдарынан қойма толығымен бұзылған болатын.

Тек ұзындығы 263 метр тоннельдік су шығару жүйесі ғана сақталды.

Қалпына келтіру жұмысы 2016 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Осы жоба бойынша бас мердігер - «Қазсушар» РМК Алматы филиалы. Техникалық қадағалауды «Stroyинжиниринг» ЖШС, авторлық қадағалауды - «Казгипроводхоз Институты»ӨК жүргізді. Жоба құны-5,6 млрд теңге.

Су қоймада бөгет қалпына келтіріліп, тоннельдік су жіберілді. Су жинағыш гидроторап салынды.

Гидроторап пен бөгетті автоматтандыру және бейнебақылау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, диспетчер бөлмесі бар екі пәтерлі үш тұрғын үйдің, жасанды құрылыстары бар эксплуатациялық жолдың құрылысы жүзеге асырылды.

Су жинағыш су торабы мен бөгетті электрмен жабдықталды. Су торабы мен бөгетті сумен жабдықтау және кәріз жүйесі қамтамасыз етілді.

«Казгипроводхоз» ӨК жобалау институтының ұсыныстарына сәйкес 2020 жылдан бастап су қоймасында судың сынақ жинағы жүргізілуде. Оң сынақ қорытындысы бойынша 2022 жылы нысан пайдалануға беріледі.

Жобаның мақсаты - толық сыйымдылығы 42,65 млн м3 су қоймасын, 1,4 мың га алқаптағы қолданыстағы суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін арттыру және жалпы суару алаңын 6,7 мың га дейін жеткізе отырып, жаңа суармалы жерлердің 5,3 мың га өсімін арттыру үшін су торабын және сол жағалау арнасының бас бөлігін қалпына келтіру.

Бұл өз кезегінде Ақсу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді. Жаңа жұмыс орындары құрылады, халықты жұмыспен қамту деңгейі артады.

Су қоймасының толық сыйымдылығы 42,65 млн. м3, пайдалы сыйымдылығы – 36,95 млн. м3 құрайды.

Су қоймасының жобалық суару қабілеті – 6680 га, оның ішінде сол жағалауда – 3610 га, оң жағалауда – 2193 га, оның ішінде 5,3 мың га жаңа жерлер.

Айта кетейік, Қызылағаш суару алқабын игеру Алматы облысының даму сызбасына енгізілген болатын.

1993 жылы ұзындығы 1,8 км магистральды құбыр желісі және 1420 га суармалы алабы бар су қоймасы мен су торабының құрылысы аяқталды.

2012 жылы Қызылағаш су қоймасы орталық уәкілетті органдардың келісімі бойынша (ҚР АШМ Су ресурстары комитеті, ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті) Алматы облысы әкімдігінің қаулысымен «Қазсушар»РМК балансына республикалық меншікке берілді.

Одан кейін «Қазсушар» РМК Алматы филиалы су қоймасына дейін ұзындығы 12 км автомобиль жолы мен ұзындығы 16 км электр беру желісін салды.


Сурет: turkystan.kz


Соңғы жаңалықтар