+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Қызылағаш су қоймасы биыл іске қосылады

2020 жылғы 26 ақпан 16:39
Бөлісіңіз:
Қызылағаш су қоймасы биыл іске қосылады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында осыдан 10 жыл бұрын бөгеті жарылып, істен шыққан Қызылағаш су қоймасы қалпына келтірілді. Биыл бұл су қоймасынан Ақсу ауданының суармалы алқаптарына тіршілік нәрі жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жеткілікті Түркістан облысында кенеге қарсы күрес жұмыстары басталды Президент әлеуметтің көңіл-күйіне мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды

Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру жұмыстары 2016-2019 жылдары аралығында жүргізілді. Жоба құны 5,6 млрд теңге. Бас мердігер «ҚазСуШар» РМК Алматы филиалы. Қазіргі таңда барлық механикалық жұмыстар аяқталды. Алдағы уақытта автоматтандыру бойынша жабдықтар орнатылмақ.

«Биіктігі 55 метр бөгет салынып, барлық талаптарға сай бекітілді. Суқойма жанынан жұмысшыларға екі пәтерлі екі үй және төмендегі су тарату торабынан екі пәтерлі екі үй салынды. Қызылағаштың жалпы сыйымдылығы 42 млн текше метр. Биыл 20 млн текше метр су жинап, Ақсу ауданының 4 мың гектар алқабын сумен қамтамасыз ету жоспарланған», - дейді «ҚазСуШар» РМК Алматы филиалы басшысы Смайыл Куметов.

Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылы наурыздың 11-нен 12-іне қараған түні толассыз жауған қар мен жаңбыр салдарынан Қызылағаш су қоймасы жарылып, Қызылағаш ауылын шайып кеткен еді. Қайғылы оқиға салдарынан 45 адам қаза тауып, 460-тан астам үй жермен-жексен болды. Қазақстан халқының ұйымшылдығы мен өңір басшылығының жедел әрекетінің арқасында жаңадан үйлер салынып, тұрғындар 1,5-2 айдың ішінде қайта ауылға оралды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT