Қызылағаш ауылында су тасқынынан мерт болғандардың саны 43 адамға жетті - ҚР ТЖМ

None
None
АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат - Алматы облысы Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылында су тасқынынан мерт болғандардың саны 43 адамға жетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Наурыздың 23-і күні сағат 11.30-да ауылдан 6-7 шақырым жерде құтқарушылар бұдан бұрын із-түзсіз жоғалды деп саналған 29 жастағы ер адамның денесін тапты.

Бүгінге дейін екі адамнан хабар-ошар болмай тұр, оның біреуі - 5 жастағы бала.

Соңғы жаңалықтар