Қызыл теңізде ирандық танкерде жарылыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма күні таңертең Қызыл теңізде Сауд Арабиясының Джидда кемежайына жақын аумақта болған ирандық танкерде жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ISNA агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, танкер Иранның Ұлттық мұнай компаниясына тиесілі. Жарылыс салдарынан екі мұнай резервуарына зақым келіп, мұнай Қызыл теңізге түскен.

Ирандық танкер экипажының мүшелерінен ешкім зардап шеккен жоқ.

Экипаж жағдайды өз бақылауына алды.

Соңғы жаңалықтар