Қызыл шарап пен жержаңғақ есте сақтау қабілетін жақсартады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызыл шарап пен жержаңғақ есте сақтау қабілетін жақсартады. Рествератрол - жүзімнің, қызыл шараптың және жержаңғақтың құрамында болатын қосылыс. Анықталғандай, ол жас ұлғайғанда есте сақтау қабілетінің нашарлауына жол бермейді. Оны Регенеративтік медицина институтының зерттеушілері анықтаған, деп жазады Zee News.

Ресвератрол жүрек-қан тамырлары жүйесі үшін де пайдалы екені белгілі. Мамандар оның гиппокампқа, мидың оқу процесімен және көңіл күймен байланысты жасушаларына да жақсы әсер ететінін анықтаған. Ресвератрол Альцмейгер сияқты нейродегеративтік ауруларға қарсы күресе алады.

Ресвератролдың тамаша қасиеттері туралы ғалымдар бұрыннан бері айтып жүр. Мысалы, ол бас пен мойын обырының қаупін азайтады. Алкогольді шамадан тыс ішу ағзаның жасушаларын зақымдайды, ал ресвератрол обырдың қаупін күшейтетін зақымдалған жасушыларды жояды. Бұдан басқа, ол бөртпе бактерияларын тоқтата алады.

Соңғы жаңалықтар