+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

«Қызыл» мәртебесін бұзған 356 тұрғынға айыппұл салынды - Ақмола облысы

2021 жылғы 14 қыркүйек 22:27
Бөлісіңіз:
«Қызыл» мәртебесін бұзған 356 тұрғынға айыппұл салынды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Ashyq жобасы арқылы 1369 «қызыл» және 435 «сары» мәртебесі бар карантин бұзушы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңа қаулы: «Қызыл» аймақтағы нысандар демалыс күні жұмыс істейді Пандемиямен күрес штабы қызметкерлерге қатысты санитария талаптарын қолдады Ресейде коронавирустың өршуіне байланысты БҚО-да шекарада карантин күшейді

Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ashyq жобасы арқылы өңірде үй карантинін бұзған 1804 келуші анықталған. Олардың ішінде 1369 адам «қызыл» мәртебеге ие (жұқтырған), 435 адам «сары» мәртебеге ие (жақын байланыста болған).

«Жалпы, «қызыл» мәртебесі бар 356 адамға айыппұл салынды. «Қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаларға қатысты үйде оқшаулауды бұзғаны үшін санитариялық қызмет мамандары Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Осы баптың санкциясы жеке тұлғалар үшін 30 айлық есептік көрсеткіш (87 510 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды көздейді», - деп атап өтті ведомствода.

Еске сала кетсек, өңірде Ashyq жобасы бойынша 4330 қатысушы, оның ішінде 88 жоба көшбасшысы жұмыс істейді. Бағдарламадан 212 жосықсыз қатысушы алынып тасталды. Өңірдің санитарлық дәрігерлері амбулаториялық емделуде жүрген ақмолалықтарға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырады. Коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар өзін-өзі оқшаулау режимін ұстануы және басқа адамдардың жұқпауын болдырмас үшін көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуы керек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT