«Қызыл» мәртебесі бар адамдардың вокзалдарға кіруі жиілеп кетті – ҚТЖ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы барлық ірі вокзалдарда Ashyq жобасы енгізілгенін жолаушылардың есіне салады», деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға барлық ірі вокзалдарда Ashyq жобасы енгізілгенін еске салады. Бұл коронавирусты жұқтырғандар мен байланыста болған адамдардың кіріп-шығуын шектейді. Қазіргі уақытта «қызыл» немесе «сары» мәртебесі бар адамдардың вокзал ғимараттарына өту жағдайлары жиілеп кетті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ ashyq.kz! сайтында орналастырылған бейтарап QR-кодтың көмегімен өз мәртебесін Ashyq қосымшасында және Kaspi.kz сайтта алдын ала тексеруді сұрайды», - деп жазылған компанияның мәліметінде.

Бұған дейін хабарлағанымызда, Ақтөбеде бір аптада «қызыл» мәртебесі бар екі, «сары» мәртебесі бар 9 адамның көпшілік орынға барғаны анықталып, оның біреуіне айыппұл салынған.


Соңғы жаңалықтар