«Қызыл» мәртебесі бар 296 адам теміржол вокзалынан үйіне қайтарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ashyq бағдарламасы елдегі теміржол вокзалдарында «қызыл» мәртебесі бар 296 адамды анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теміржол саласына Ashyq бағдарламасы енгізілген сәттен бастап республикалық және облыстық маңызы бар вокзалдарда «қызыл» мәртебесі бар 296 адам, «сары» мәртебесі бар 177 адам анықталған.

Оқшаулау режимін ең көп бұзушылар елордада тіркеліпті. Бір ғана Нұр-Cұлтан вокзалында 121 адамның «қызыл» мәртебесі бола тұра, қоғамдық орынға келгені әшкере болған. Мұндай олқылық «Нұрлы жол вокзалында да тіркелген көрінеді.

Тасымалдаушылардың дерегі бойынша, вокзал ғимараттарына «қызыл» және «сары» мәртебесі анықталған адамдар жіберілмейді. Ал оқшаулау талабын бүзғандардың мәліметі жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне беріледі.


Соңғы жаңалықтар