+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

«Қызыл» мәртебесі бар 223 көкшетаулыққа айыппұл салынды

2021 жылғы 17 қыркүйек 21:45
Бөлісіңіз:
«Қызыл» мәртебесі бар 223 көкшетаулыққа айыппұл салынды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Карантиндік талаптарды бұзған 223 көкшетаулыққа қатысты әкімшілік материалдар жасалып, жалпы сомасы сегіз миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда абаттандыру ережесін бұзған 50 адамға айыппұл салынды БҚО-да карантин талабын бұзғандарға 32,2 млн астам теңге айыппұл салынды

Бизнес объектілерінде коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту үшін 2021 жылғы 21 сәуірден бастап Ақмола облысында Ashyq пилоттық жобасы басталды.

Көкшетаудың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ысқақовтың айтуынша, облыс орталығында 700-ден астам кәсіпкерлік нысаны бар.

«Жоба коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды және үй карантині режимін бұзған адамдарды анықтау үшін тиімді. Бүгінгі таңда Ashyq қосымшасының көмегімен Көкшетауда үйден оқшаулау режимін сақтамаған 673 адамды анықтауға мүмкіндік туды, оның 533 «қызыл» және 140 «сары» мәртебесі бар»,- деп атап өтті Қ.Ысқақов.

Санитарлық дәрігердің айтуынша, 2021 жылдың 10 маусымынан бастап КВИ-мен ауыратын науқастар үшін оқшаулау режимін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425 бабының 1-ші бөлігі бойынша әкімшілік жаза көзделген. Осы санкциясы бойынша жеке тұлғаларға 87510 теңге (30 АЕК) мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. 223 адамға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, жалпы сомасы 7 млн 934 мың 240 теңге айыппұл салынды.

«Ashyq қосымшасы жұмыс істеп тұрған кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінің карантин режимін бұзған 153 тұрғыны анықталды, олар Көкшетау қаласында орналасқан нысандарды аралады. Олар бойынша шаралар қабылдау және тұрғылықты жері бойынша эпидемияға қарсы іс - шаралар өткізу үшін ақпарат жолданды», - деп түйіндеді Қ.Ысқақов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT