«Қызыл кітапқа» енген құсты атқан қостанайлық 2 жылға сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 2018 жылы аймақта киік ату бойынша браконьерліктің 8 фактісі тіркелді. Бұл туралы Қостанай облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Дәуіт Жұмабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылы заңсыз түрде 72 киік атылды, оның ішінде 70-і - аталық. Мемлекетке барлығы 257,5 млн теңге шығын келтірілген

«Браконьерлік фактілерден басқа дериваттарды (ақбөкен мүйізін) заңсыз сақтау және тасымалдауға байланысты 4 оқиға есепке алынды. 3 факті бойынша қылмыскерлер анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Барлығы 127 дана ақбөкен мүйізі тәркіленді», - дейді ведомство басшысы.

Сонымен қатар инспекциясы мамандары рейдтік шаралар өткізу барысында Тобыл кентінің тұрғынын ұстады. Ол «Қызыл кітапқа» енген шиқылдақ қазды атқан.

Қамысты аудандық сотының шешімі бойынша ол заңсыз олжаланған құс үшін 721 500 теңге мемлекет шығынын төлеп, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар