«Қызыл» аймақтағы өңірлерде карантиндік шектеу шаралары күшейтілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия «қызыл аймақтағы» өңірлерде карантиндік шектеулерді күшейту бойынша шаралар қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комиссия шешіміне сәйкес мына жұмыстар тоқтатылды:

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары;

жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі.

Демалыс және мереке күндері жұмысына тыйым салынсын:

қоғамдық көліктің;

«Ashyq» жобасына қатысушыларын қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;

«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, фитнес орталықтардың, фитнес клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;

«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтардың, караокелердің, көрмелердің;

«Ashyq» жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілерінің;

«Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары); білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының; «Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, фудкорттардың.

Жұмыс күндері жұмысы шектелсін: сағат 20.00-ге дейін «Ashyq» жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің; сағат 18.00-ге дейін «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің; «Ashyq» жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандарының, фудкорттардың жұмысы – сағат 20.00-ге дейін, «Ashyq» жүйесіне қатыспайтындардың жұмысы – сағат 18.00-ге дейін.
Еске салсақ, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанның 11 өңірі «қызыл» аймақта тұр.



Соңғы жаңалықтар