«Қызыл» аймақтағы Қостанай облысында бүкіл оқушылар қашықтан оқиды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов КВИ-дің таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Штаб отырысында Қостанай және Рудный қалаларының әкімдері індеттің таралуы бойынша қазіргі ахуалды баяндады. Сондай-ақ мониторинг топтарының жұмысы талқыланды.

«Мониторинг топтары 2021 жылғы 1-23 қаңтар аралығында 1330 рейд өткізіп, 113 заңбұзушылық тіркелді. Өкінішке қарай өңірде тек соңғы күндері індеттің таралуы өршіді. Ауырғандар саны - 2,6 есе, тәулігіне 67-ден 177 адамға дейін өсті. Сырқаттанудың үлкен өсімін ескере отырып, қолданыстағы шектеу шараларынан басқа, қосымша шектеулер енгізіледі» делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен өңірлік жедел штаб білім саласына қатысты шектеу шараларын енгізді.

Облыс мектептері екінші тоқсанға ұқсас оқыту форматына көшіріледі.

Ал 5-9 және 11 сынып оқушылары қашықтан білім алады.

Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, ақпан айында коронавирусқа қарсы вакциналау басталады.

Қазір ресейлік вакцинаны қабылдау бойынша дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде.

«Тәжірибе көрсеткендей, вакцинация вирустық инфекциялардың алдын алу және бақылаудың ең тиімді әдісі болып отыр. Облыс тұрғындарын эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне және коронавирустық инфекцияның өсуіне байланысты сақтық шараларын күшейтуге шақырамын. КВИ таралуына жол бермеу бойынша барлық ережелер мен енгізілген шектеулерді сақтауды сұраймын», - деді аймақ әкімі.


Соңғы жаңалықтар