«Қызыл» аймақтағы Атырауда екі күнде 654 адам коронавирус жұқтырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында екі күнде 654 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 12 шілдеде 334, ал, кеше, 13 шілдеде 320 адамнан қауіпті вирустың белгісі анықталған.

Екі күнде Атырау қаласында 495 науқас анықталған.

Ал, Теңіз кенішінде - 26, Жылыой ауданында - 40, Индерде – 24, Құрманғазыда – 22, Исатайда – 17, Махамбетте – 13, Қызылқоғада – 11, Мақат ауданында 6 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан.

«Қазір инфекциялық стационарларда 824 науқас қауіпті вирусқа қарсы ем қабылдап жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада 194, аудандардағы стационарларда 184, №2 облыстық ауруханада 172, кардиологиялық орталықта 109, фтизиопульманологиялық орталықта 91 пациент оқшауланды. Сондай-ақ, Теңіз кен орнындағы стационарда 74 адам емделуде. Бұған қоса, үйінде емделу үшін оқшауланған науқастар саны – 1 282 адам» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында үш күнде коронавирус жұқтырғандар 46 пайызға өскенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар