USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

«Қызыл» аймақтағы Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті

2022 жылғы 13 қаңтар 15:36
Бөлісіңіз:
«Қызыл» аймақтағы Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймақтағы Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда мұнай өңдеушілердің 91 пайызы вакцина салдырды ШҚО-да дәмханалар мен түнгі клубтардың жұмыс уақытына қатысты шектеу алынды Атыраулық құтқарушылар пәтер есігін аша алмаған қартқа көмектесті

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 10 қаңтарда қауіпті вирустың белгісі 243 адамнан табылған.

«Коронавирус инфекциясын жұқтыру Атырау қаласында өршіп тұр. Мұнайлы қалада Covid-19 инфекциясының 193 жағдайы расталды. Ал, Теңіз кен орнында 30 науқас анықталды. Қызылқоға ауданында – 10, Құрманғазы ауданында 10 адам індетке шалдықты. Қауіпті вирустың симптомды белгісі 140 науқаста бар», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Кеше коронавирус инфекциясынан 14 адам емделіп шыққан. Қазір 341 адам үй жағдайында емделу үшін оқшауланған. Ал, модульдік ауруханада – 170, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 176, аудандардағы стационарларда 17 пациент ем-дом қабылдап жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру қайта өршігенін хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT