«Қызыл» аймақтағы Атырау облысында бұқаралық іс-шараларды өткізуге рұқсат етілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймақтағы Атырау облысында бұқаралық іс-шараларды өткізуге рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешева мәлім етті.

«Кеше, 27 қаңтарда Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетова қолданыстағы карантиндік шектеулерді жеңілдетуді көздейтін жаңа қаулыға қол қойды. Осыған байланысты эпидемиологиялық қауіп аймағына («жасыл», «сары», «қызыл») қарамастан қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесімен жұмыс істейтін объектілер үшін шектеулер алынып тасталды. Салтанатты, естелік, ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды, форумдарды өткізуге рұқсат етіледі. Спорт кешендерінің, сауықтыру және діни, ойын-сауық объектілерінің (ойын клубтары, казино, түнгі клубтар, караоке), сауда желілерінің (сауда алаңы 1000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес және сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес), бассейндердің жұмысы тоқтатылмайды», -деді Әлия Бекешева.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында карантин шаралары күшейтіліп, оқушы саны 600-ден асатын мектептерде сабақ онлайн өтетінін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар