«Қызыл» аймақта Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

«Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Еске сала кетсек, кеше Атырау облысы «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті.



Соңғы жаңалықтар