+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Алексей Цой коронавирус ең көп тараған өңірлерді атады

2021 жылғы 4 мамыр 09:35
Бөлісіңіз:
Алексей Цой коронавирус ең көп тараған өңірлерді атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 9 өңірі коронавирус індетінің таралу қаупі жоғары «қызыл» аймақта тұр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл кәсіптік-техникалық колледждерге емтихансыз түсуге болады Астаналық талапкерлерге «кәсіби диагностика» қызметі ұсынылады Елорда колледждері қандай мамандықтар бойынша тегін білім береді

Министрдің дерегінше, сырқаттану көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 107-орында, ал өлім-жітім көрсеткіші бойынша 108-орында тұр.

«Тәуекелі жоғары аймақта 9 өңір, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары тұр. Өткен аптада Павлодар мен Жамбыл облысы «қызыл» аймаққа өтті. Эпидемиологиялық тәуекел орташа аймақта Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы және Маңғысту облыстары кіреді. Ал Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары «жасыл» аймақта», - деді Алесей Цой.

Сонымен қатар ол 4 мамырдағы деректерге сәйкес, Қазақстанда COVID-19-дың оң нәтижесімен 330 071, ал теріс нәтижесімен 52 093 науқас тіркелгендігін атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT