«Қызыл» аймаққа көршілес облыстар карантинді күшейтуі қажет - Ералы Тоғжанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызыл аймаққа көршілес орналасқан облыстар карантиндік шектеулерді күшейту іс-шараларын алдын ала пысықтауы қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуал бақылауда. Дегенмен бірнеше бағыт бойынша нақты іс-шаралар қабылдануы қажет. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері өңірлік штаб жұмыстарын күшейтуі қажет. Қызыл аймақтағы өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай штаб отырысында күнсайын қаралуы тиіс», - деді Ералы Тоғжанов.

Оның атап өтуінше, сары аймаққа енген өңірлер және қызыл аймаққа көршілес орналасқан облыстар карантиндік шектеулерді күшейту бойынша іс-шараларды алдын ала пысықтауы қажет.

«Шектеу шаралары жағдайында бизнестің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлер Ashyq жобасын кәсіпкерлік субъектілеріне енгізу бойынша нақты шешімдер қабылдауы керек», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар