Қызметте тамыр-таныстықты, командалық ауысуды жою бағытында тиісті шаралар атқарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының Жарлығымен құрылған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметте тамыр-таныстық мен жақындықты жою мақсатын қойып отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада агенттіктің кеңейтілген кеңесінде осы ведомствоның төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім етті.

«Біздің келесі мақсатымыз кадрларды іріктеу мен алға жылжытуды жетілдіруге байланысты. Осы орайда қызметте тамыр-таныстық пен жақындықты, қажетті адамдарға конкурстар өткізуді, командалық ауысуды жою бағытында тиісті шараларды қабылдауымыз қажет»,-деп атап өтті Қ. Қожамжаров.

Оның сөзіне қарағанда, қажет емес төрешілдікті жою мақсатында бір өңірдің ішінде және мемлекеттік органның ішінде ауысуды келісу тетігін қайта қарастыру керек.

«Мансаптық өсімнің объективтілігі мен әділдігін қамтамасыз ету барлық мемлекеттік органдар үшін сөзсіз ұстанымы болуы тиіс. Бүгінде шенеуніктің мансабы көбінесе басшының субъективті қалауы мен еркіне байланысты. Ведомстволық бөлек нормативтік актілер осыған ықпал етуде. Бұл тұрғыда жауапты қызметтерде өздерінің адамдары пайда болады, бұл өз кезегінде жемқорлық кестелерін құру үшін жағдай туғызады», -деді ол.

Осы орайда Қ. Қожамжаров енгізіліп отырған ақпараттық жүйе арқылы негізгі ұстанымдарды қорғау күшейетіндігін және де бұл шаралар мемлекеттік қызметтің сапасын арттыратындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар