Қызметкерлерінен пара алып келген шенеунік 5 млн теңге айыппұл төлейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті «Охотзоопром» ӨБ» РМКК Батыс өңірлік филиалының басшысы Д.Саматовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын мерзімінен бұрын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, Д.Саматов қарамағындағы қызметкерлерінен қызмет барысында қамқорлық танытқаны үшін үнемі пара алып отырған.

«Осы жылғы 20 тамыз күні Орал қалалық сотының үкімімен Саматовқа 5 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Айыпталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды», - делінген таратылған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар