Қызметкерлеріне артық жұмыс істеткен меморган басшылары жазаланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірқатар орталық және өңірлік меморган басшылары қызметкерлерінің негізсіз артық жұмыс істегені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Тюлибаев мәлімдеді.

«Еңбек инспекциясы жүргізген тексеру қорытындысы бойынша, бірқатар орталық және өңірлік меморган басшылары қарамағындағы қызметкерлердің негізсіз артық жұмыс істегені үшін жауапкершілікке тартылды. Әзірге оларға Еңбек заңнамасының 89-бабы бойынша, ескерту жарияланды», - деді Равиль Тюлибаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, белгіленген уақыттан артық жұмыс істеген мемлекеттік қызметшілер Білім және ғылым, Мәдениет және спорт, Әділет, Денсаулық сақтау және Қоғамдық даму министрліктерінде көп тіркелген.

«Өңірлерге келсек, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Астана, Алматы қалаларында ереже бұзылған», - деді департамент басшысы.

Соңғы жаңалықтар