+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Қызметкерлердің жемқорлығы үшін қанша басшы жұмыстан кетті

2021 жылғы 26 ақпан 16:14
Бөлісіңіз:
Қызметкерлердің жемқорлығы үшін қанша басшы жұмыстан кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың жауапкершілік институтын іске асыру барысы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында мемлекетке 1,7 миллиард теңге залал келтірген қылмыстық топ анықталды Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ірі көлемдегі парамен ұсталды

«Саяси басшылардың отставкаға кетуіне қатысты тоқталсақ, заңнамалық норма енгізілген сәттен бастап 7 шенеунік қызметінен босатылды. 10 әкім түрлі тәртіптік жауапқа тартылды. Соңғы істер бойынша айтсақ, өз орынбасарына қатысты сот үкімін күтпей Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі отставкаға кетті. Биылғы 12 ақпанда отставка қабылданды», - деді Д. Бекайдаров.

Сонымен қатар ол бірінші басшылардың тәртіптік жауапкершілігіне қатысты мәлімет айтты.

«Бағыныштылардың сыбайлас жемқорлығы және алдын алу жұмысының әлсіздігі үшін 54 бірінші басшы тәртіптік жауапқа тартылды, оның 48-і әкімшілік қызметші және алтауы квазимемлекеттік сектордың топ-менеджері. Олардың 13-і өз лауазымдарынан айырылды. Жалпы қазіргі уақытта 71 басқарушы мониторингте, оның ішінде 15-і саяси мемлекеттік қызметші, 47 әкімшілік және 9 квазимемлекеттік сектор субъектілерінің топ-менеджері бар», - деді Данияр Бекайдаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT