Қызметкерлер жұмыс арасында күніне бір сағат серуендеуі керек - зерттеу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұмыстан бос уақытыңды таза ауа мен табиғат аясында өткізудің пайдасы туралы көптеген зерттеулер бар. ВВС басылымында Филипп Фогартидің табиғаттың адамның жұмыс қабілетіне әсері туралы мақаласы жарияланды.

«Бүгінгі таңда барлығымыздың жұмыстан қолымыз босай бермейді. Бізді технологиялар қоршап алған. Қалалы жерде де табиғатпен байланысты сезіну қиын. Орташа есеппен әр америкалық өз өмірінің 90%-ын ғимарат ішінде өткізеді екен», деп жазады автор. Оның айтуынша, қызметкерлер жұмыс арасында бір сағат уақытын табиғат аясында өткізуі керек.

«Далаға шыққанның пайдасы көп. Біріншіден, қимыл қозғалыс денсаулыққа жақсы әсер етеді. Екіншіден, бұл D дәруменін алуға көмектеседі. Үшіншіден, жұмыс белсенділігі артады. Сол себепті қызметкерлер күніне бір сағат үзіліс алып, далаға серуендеп келулері керек», дейді автор. Оның айтуынша табиғатқа шыққан адамда күйзеліс болмайды. Сондықтан мақалада ең кем дегенде жергілікті саябаққа барып тұру керектігі айтылады.

«Финляндияда жүрізілген зерттеуге сенсек, түскі үзіліс кезінде таза ауаға шығу жұмыс өнімділігін арттыралы. Зерттеуде бір топ күніне он бес минут саябаққа барса, екінші топ ғимарат ішінде жаттығу жасаған. Нәижесінде белгілі болғандай, бірінші топтың денсаулығы екінші топқа қарағанда жақсара бастаған», деп жазады автор.

Оның айтуынша, кейбір ірі компаниялар табиғатты жұмыстың бір бөлігіне айналдырған. Мысалы, Microsoft компаниясы ағаштар арасында жиналыс өткізетін орын салған. Ал Amazon компаниясының 800 адамға арналған өсімдіктерге толған үш ғимараты бар. Adobe болса Лондондағы кеңсенің шатырында жүгіру алаңын жасаған.

Соңғы жаңалықтар