Қызметкердің жемқорлығы үшін басшы қандай жағдайда отставкаға кетеді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облыстық департаментінде қол астындағы қызметкерлерінің жемқорлық қылмыстары үшін бірінші басшылардың жауапкершілігі түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қостанай облыстық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Асхат Ескендіровтің айтуынша, орталық мемлекеттік органның басшысы егер өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынышты мемлекеттік саяси қызметшілер сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған кезде отставкаға береді.

«Негізі, «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңның мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы мәселесі бойынша ережелері 2019 жылдың 10 желтоқсанында қолданысқа енгізілген. Орталық мемлекеттік орган басшыларының орынбасарлары өзі жетекшілік ететін ведомствоның, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде орнын босатады. Сонымен қатар облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана әкімдері өзінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаса, отставкаға кетеді. Бұл мәселе аудан әкімдеріне де қатысты. Аудан әкімі аппаратының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы ауыл, кент, ауылдық округ әкімі жемқорлыққа жол берсе отставкаға беруге негіз болып саналады», - деді Асхат Ескендіров.


Соңғы жаңалықтар