Қызметкер науқастанып қалса, басшылық сенбейді - зерттеу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Науқастанып жүріп жұмысқа бару - қиынның қиыны. Дегенмен, күш жинау үшін уақыт керек екенін бастыққа қалай түсіндіруге болады? ВВС басылымы осы сұраққа жауап іздеп көріпті.

«Ұлыбритания Ұлттық статистика басқармасының деректеріне сенсек, 1993 жылдан бері науқастық демалыс алу екі есеге азайған. Бұрын азаматтар орташа есеппен 7,2 күн емделсе, 2017 бұл 4,1 демалыс күнін құраған. Ал Лондон университетіндегі инфекциялық аурулар және эпидемиология кафедрасының ғылыми қызметкері Кайли Эйнслидің айтуынша, бұл өзгерісті түсіндіру қиын, дегенмен, адамдар сирек ауыратын болды деуге де болмайды», деп жазады автор.

Оның айтуынша, зерттеулер басшылық сенімсіздік танытатындықтан, қызметкерлердің көпшілігі сырқаттанып қалса да жұмысқа барып жүретінін көрсеткен. Мамандар бұл жағдайға жұмыс берушілерді кінәлап отыр.

«Технологиялар жаһандық бизнеске еніп, жұмыстың динамикасын өзгертті. Көпшілігі кеңседен тыс жерде жұмыс істеуге мүмкіндік ала бастады. Бұл жағдай жұмыс берушілердің өз қызметкерлерін қатты бақылауда ұстауына итермеледі. Сонымен қатар жұмыс берушілер қызметкеріне сенімсіздік танытатын болды», деп жазады автор.

Оның айтуынша, мұндай стереотиптердің қалыптасуына үйде отырып та жемісті жұмыс істеп, сапалы қызмет атқаруға болатынына сенбейтін үлкен буын өкілдері де кінәлі.

«АҚШ-тың статистика бюросына сенсек, соңғы екі жылда вакансиялар саны да, жұмыстан шығып кетіп жатқандар саны да екі есе артты. Бұл қызметкерді жұмыста ұстап қалудың қиындап бара жатқанын көрсетеді. Дегенмен, басшылық пен қызметкерлер арасында байланыс болуы керек. Шынайы қамқорлық бұл байланысты арттырмаса, кемітпейтіні анық», деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар