Қызметі сапалы пәтер иелері кооперативтерін ешкім жапқалы жатқан жоқ - Қазыбек Шайх

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пәтер иелері кооперативтерінің орнына мүлік иелері бірлестігін құру арқылы коммуналдық шығындарды азайтуға болады. Бұл туралы ҚР «Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтарының басқа да нысандары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Қазыбек Шайх айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы реформа Қазақстан азаматтары үшін бәрін басынан бастап, өмірін жақсартудың мүмкіндігі екенін түсінсеңіздер екен. Үй кеңестерінің құзыры күшейтіледі. Пәтер иелері кооперативтері мен тұрғындар арасындағы байланыс қалыпқа келеді. ПИК-тер дұрыс жұмыс істеп тұрған жерде ешкім ешкімді орнынан қозғайын деп жатқан жоқ. Тұрғындар үшін бәрін басынан бастаудың мүмкіндігі болса, ПИК төрағалары үшін бұл олардың өз ұйымдарын сервистік басқару қызметіне ауыстырудың тетігі бола алады. Өйткені ПИК төрағалары осы саладағы тәжірибелі басқарушылар екенін ешкім жоққа шығармайды. Мұндай білікті адамдарды жоғалтуға болмайды. ПИК жұмысы сапалы ұжымдарда тұрғындар да оған мүдделі емес», - деді Қазыбек Шайх орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ, ол ескі модельде жабысып қалу да дұрыс емес екенін ескертті.

«Бәрін басынан бастағандықтан, мүлік иелері бірлестіктері бағдарламаларды іске асыра алады. Біздің Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтарының басқа да нысандары қауымдастығы мүлік иелері бірлестіктерінің мүшелерін ұйым қызметіне жаңа бағдарламалар енгізу арқылы коммуналдық төлем құнын қалай төмендетуге болатынын үйретеді. Тұрғындар кооперациясын ұйымдастырудағы негізгі мақсаттың бірі - осы», - деді қауымдастық төрағасы.


Соңғы жаңалықтар