Қызмет көрсету мәдениетін арттыру керек - Н.Назарбаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 28-ші әлемдік универсиаданы өткізуге байланысты өткен жиында Мемлекет басшысы қаладағы қызмет көрсету мәдениетін арттыру керектігін жеткізді.

«Қызмет көрсету саласының жұмыскерлерін тәрбиелеу маңызды. Өйткені, олар болашақта қаланың имиджін қалыптастырады. Мейрамханалар мен дүкендерде, қоғамдық көлікте, спорт нысандарында клиенттерге сыпайы қызмет көрсетілуі шарт. Сырттан келетіндер бізді әлі түйе мініп жүр деп қалмасын», -деді Н.Назарбаев.
Президенттің айтуынша, қала тұрғындары көшедегі адамдарды балағаттамай, сыпайы жол көрсеткені абзал.
«Осылайша, шағын бизнес көркейіп, тек қана Алматының емес, мемлекеттің имиджін қалыптастырады», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар