Қызмет барысында көз жұмған полицейдің балаларына ноутбук тарту етілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмған әріптестерінің отбасыларына көмек көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер Төтенше жағдай режимі енгізілгелі бері қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар қайырымдылық шараларынан да қалыс қалмауда. Нақты айтқанда, мұқтаж жандарға азық-түлік, медициналық маскалар мен антисептиктер таратуда.

Жуықта департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ренат Унарбеков бастаған тәртіп сақшылары көпбалалы отбасының үйіне барған. 34 жастағы ана кәмелеттік жасқа толмаған 7 баланы тәрбиелеп отыр. Оның үшеуі марқұм апайының бүлдіршіндері екен.

«Қиын жағдайға тап болған жанұяға азық-түлік себеті берілді. Сондай-ақ қашықтан оқып жатқан балаларға ноутбук сыйға тартылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бұдан бөлек, қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмған полиция қызметкерлерінің отбасылары да назарсыз қалмаған. Таяуда Руслан Нұрғалиевтің 3 баласына ноутбук тарту етілді.


Соңғы жаңалықтар