Қызмет бабында қаза тапқан полицейдің әйелі Елбасымен кездесуін еске алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қызмет бабында көз жұмған полиция қызметкерінің жесірі, полиция майоры Айжан Әбішева ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция майоры Алатау аудандық ПБ көші-қон бөлімінде жұмыс істейді. Ол полицияда 9 жылдан бері қызмет етіп келеді.

2011 жылы оның жолдасы, полиция лейтенанты Ришад Әбішев қызметін өтеу кезінде қаза тапты. Келіншек ішкі істер органында сол кезден бастап жұмыс істеген.

Қылмыспен күресте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ришад Әбішев 2011 жылы 7 мамырда 2 дәрежелі Айбын орденімен марапатталды.

«Біздің екі қызымыз бар. Олар әкесі қайтыс болғанда кішкентай болатын. Сол кезде мен жолдасымның жолын қуып, полиция қатарына қосылдым. Қызметімді жасөспірімдермен жұмыс бөлімінен бастадым. Мені жұмысқа сол кездегі қалалық ішкі істер департаментінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев қабылдады. Ол менің ниетімді қабыл алып, қолдау көрсетті», - дейді Айжан Әбішева.

2019 жылы Айжан Әбішева халықаралық әйелдер күніне орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен болатын.

«Бұл кездесу жүрегімде үлкен із қалдырды. Кездесуге келген әйелдер ән айтып, өлең оқып жатты. Кешке бізге арнайы концерт ұйымдастырылды. Есіме алсам, көкірегімді мақтаныш кернейді», - дейді майор Әбішева.

Соңғы жаңалықтар