Қызғаныштан әйелін пышақтап өлтірген көкшетаулық 9 жылға сотталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Қызғаныштан әйелін пышақтап өлтірген Көкшетау қаласының 52 жастағы тұрғыны 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қанды қылмыс 2022 жылдың ақпан айында Көкшетау қаласында болған. Алкогольге масаң күйде болған ер адам белгісіз біреумен телефон арқылы сөйлескені үшін әйеліне қызғаныштан пышақ салған. Іш қуысына алған жарақаттан әйел оқиға орнында көз жұмды. Олардың кәмелет жасқа толмаған балалары қалды.

«Ер адам қылмысын мойындап, жасаған ісіне өкінді. Сонымен қатар, күдіктінің кінәсі сот сараптамасы арқылы дәлелденді. Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, қатаң режимдегі колонияға тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сонымен бірге сотталушы зардап шеккен тарапқа 5 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын төлеуге міндеттелді», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар