Қызғалдақ жұлғандар жазаға тартылады - Түркістан облысы

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қызғалдақтарды жұлғандарға жаза қолданылуда. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Нұрлан Тұманбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрлан Тұманбаевтың сөзінше, ҚР Қызыл кітабына енгізілген «Грейг» және «Кауфман» қызғалдақтарын заңсыз жұлу мен автожолдар бойында, басқа да орындарда сату жайттарын анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мұндай заңбұзушылыққа жол бергендерге ҚР қылмыстық кодексінің 339 бабында көзделген қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

«Құқықбұзушының әрекеті дәлелденген жағдайда сот шешімімен 3 мың айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салынады немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді Нұрлан Тұманбаев.

null

Ал, облыстық Орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Хамит Жорабеков қызғалдақтарды қорғауға бағытталған шаралар барысын айтып өтті. Сондай-ақ, Сырдария - Түркістан Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің туризм бөлімінің басшысы Ғани Назарбек табиғат аясында демалуға шыққан көпшілік әлеуметтік желіде қызғалдақтармен түскен суретін еш қымсынбастан жариялап жатқанын айтты. Тұрғындарды сирек кездесетін өсімдіктерді көздің қарашығындай сақтауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар