Қыздар университетіне «Ұлттық» статусы берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 25 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне «Ұлттық» мәртебесі берілді. Бұл туралы университеттің баспасөз орталығының жетекшісі Жандар Асан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті еліміздің оқу орындары арасында өзіндік дара орны бар білім ордаларының бірі. Ол - республикада тек қыздардан педагог кадрлар даярлайтын бірден-бір жоғары оқу орны. Университет 75 жылға жуық уақыт аралығында өзінің қалыптасу және даму жолынан өтті. Ұлт зиялылары қызмет атқарған ұлағат ұясында осы уақыт аралығында 60 мыңнан астам білікті маман даярланды. Айтулы ғалымдарымыз түрлі ғылым салаларына қатысты іргелі зерттеу еңбектерін осы университет қабырғасында жазып, ел игілігіне айналдырды.

Бүгінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті бакалавриат бойынша - 42, магистратура бойынша - 23, PhD докторантура бойынша 4 мамандық даярлайды. Оқу орнындағы 6 факультеттің 27 кафедрасы педагог кадрларды әзірлеуді жүзеге асыруда. Ал сырттай оқу бөлімінде 20 мамандық бойынша қашықтықтан оқыту технологиясы қолданысқа енгізілген. Болашақ педагог мамандарға 41 ғылым докторы, 193 ғылым кандидаты, 22 PhD докторы, 202 ғылым магистрі білім береді.

Соңғы жаңалықтар