Қыздар смартфонмен білім алады, ұлдар ойын ойнайды - зерттеу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамда технология саласы көбіне ер адамдарға арналғаны айтылып, IT саласында жүрген қыздарға оғаш қарайтын үдеріс бар. Расында, IT саласындағы әйелдерге деген көзқарас әлі де болса төмен. Алайда, The New York Times басылымының жазуынша, түрлі зерттеулер нәтижесінде ғалымдар ұл балалар қолына мобильді телефон, планшет алса, ойын ойнайтынын, ал қыздар қолына түскен технологияны білім алу үшін пайдаланатынын анықтаған.

«Осы аптада жарияланған зерттеуге 5-17 жас аралығындағы 2900 қыз бен ұл бала қатысқан. Мамандардың айтуынша, қыздар сматфон, планшет, ноутбук пен ойын құрылғыларын пайдаланғанда ұлдардан еш кем түспеген. Сонымен қатар, ғалымдар анықтағандай, ұлдар бұл құрылғыларды көбіне ойын ойнау үшін пайдаланса, қыздар технологияларды жаңа білімді меңгеру үшін қолданған», - деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, ер балалардың 81 пайызы ойын ойнаса, қыздардың 72 пайызы жаңа білім меңгерген. Сонымен қатар қыздар ұлдарға қарағанда қолындағы технологиялардан көбірек кітап оқыған (қыздар - 40 пайыз, ұлдар 28 пайыз ).

Соңғы жаңалықтар