Kyzdar.Net сайтында онлайн жеңгетейлықпен айналысқан топ күніне 2 млн теңге табыс тапқан

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігі республика аумағында онлайн жеңгетайлықпен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. Олар күніне 2 млн теңгеге дейін табыс тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық топ «Kyzdar.Net» интернет-сайты арқылы жезөкшелікпен айналысатын адамдардың жарнамасын жасап, онлайн жеңгетайлықпен айналысқан және күн сайын 2 млн теңгеге дейін пайда түсіріп отырған. Жалпы ақша айналымы 8 млрд теңге болған, орта есеппен жылына 2 млрд теңгеден асады. Сайтқа жыныстық сипаттағы 6 мыңға жуық хабарландыру салынған.

Сауалнамалар бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 150 адам анықталып, жауап алынды. Олар сайттың топ-менеджерлеріне жүйелі түрде ақша аударып отырғандарын растады.

Сараптама негізінде сайттағы материалдар порнографиялық сипаттағы туындыға жататыны анықталды, сондай-ақ ақылы жыныстық қызметтерді іздеп, пайдалануға арналған.

Астана, Алматы, Павлодар қалаларында жүргізілген тінту шараларының нәтижесі бойынша 23 млн теңгеден астам ақша, оның ішінде криптовалюта, автомашиналар, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық тасымалдағыштар тәркіленіп алынды.

Сот компьютерлік-техникалық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 309-бабы («Жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, пайдаланушылардың веб-сайтқа қолжетімділігін бұғаттау бойынша шаралар қабылдана бастады.


Соңғы жаңалықтар